Некені тіркеу жеңілдейді

374
көрілім

Қазақстанда неке тіркеу рәсімі 1 айдан 3 күнге қысқарады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру саласындағы нормативті-құқықтық базаны жетілдіру үшін 43 заң мен 10 кодексте 500 түзетуді қарастыратын заң жобасы әзірленген.

– Аталған заң жобасы ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары аясында көрсетілетін 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған бірқатар түзетулерден тұрады. Мысалы, некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы бұрын 1 айға созылған процесті 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, салық төлеушілердің артық төленген сомасын автоматты түрде қайтару қарастырылады, – дейді Дәурен Абаев.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ