«Nur Otan» партиясының ШҚО сайлауалды штабы жұмысын қорытындылады

699
көрілім
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Олег Чугунков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізді. Брифинг барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы бойынша электоралды сайлауалды кампаниясының бүкіл кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы сөз қозғалды. 
 
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы соңғы бір айдың шамасында, атап айтсақ, 2020 жылдың 11 желтоқсаны мен 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында облыс бойынша 2140 іс-шара өткізген екен. Оларға 249 186 адам қатысыпты.
- Электоралды кампанияға 542 үміткер қатысты, оның ішінде 58 кандидат – облыстық маслихатқа, 6 – парламентке. 2 мыңнан астам кездесу өткізді, 70-нан астам адам қатысты. Сондай-ақ, агитациялық кезеңде сенімді өкілдердің қатысуымен 2,5 мыңнан астам іс-шара өтті. Әлеуметтік желілерде үміткерлер қатысқан шаралар бойынша 3 мыңнан астам ақпараттық материалдар жарияланды, - дейді Олег Чугунков.
Өңірге барлығы 532 596 бірлік үгіт-насихат материалы келіп түскен. Оның ішінде А3 постер форматында - 99742 бірлік, А4 - постер форматында – 88299 бірлік, А5 флаер форматында – 101230 бірлік, А6 стикер форматында – 78072 бірлік материал бар. 
Электоралды кампанияның барлық кезеңінде Jas Otan жастар қанатының белсенділерімен «Есіктен есікке» акциясының аясында сайлаушылардың 263 651 пәтері, 740 143 тұрғын баспанасы қамтылды. Үгіт-насихат іс-шараларын жүргізу үшін облыста 1258 адамды құрайтын 292 белсенділер топтары құрылды.  
Барлық сайлау учаскелерінде 2904 бақылаушылар мен сенімді өкілдер дайындалды: 968-і сенімді өкілдер болса, 1936-сы бақылаушылар. Олар 10 қаңтарда дауыс беру процессіне бақылау жүргізетін болады.
- Осы уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде "Астана" республикалық телеарнасында – 7, облыстық «Алтай» және «Семей» телеарналарында – 57, «Атамекен» қалалық телеарнасында – 7 сюжет жарық көрді, - дейді штаб жетекшісі.
Бұдан бөлек облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», «Семей таңы» және «Вести Семей» мерзімдік басылымдарында 80-нен астам мақала жарияланса, республикалық Liter.kz, Azattyq-ruq.kz, Inbusiness.kz, Capital.kz, Matritca.kz Turkystan.kz және басқа да сайттарда – 168 мақала, ал облыстық "Аltaynews.kz", "Бұқара.кз", "Устинка", "Yk.kz", "Yk-news" сайттарында 68 материал жарық көрген. Instagram мен Facebook парақшаларында 10 500 пост жарияланды. «Ашық партия» жобасының аясында «Үvision.kz» блок-платформасында 700-ге тарта пост шықты.
 
"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облысы сайлау қорының қаражатынан төленді