Облыс тұрғындары азық-түлік қымбатшылығын байқаса тиісті жерлерге хабарлай алады

518
көрілім
Шартты фотосурет

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сайтында бағаның көтерілгені туралы хабарлауға болатын телефондар жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан бойынша жедел желі телефоны – 8-705-280-45-13.

Жедел желі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, газ, бензин, дизель отыны, қызмет көрсету және таксилердің қымбаттауына байланысты азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін ашық.

– Егер кез келген тұрғын бағаның көтерілгенін байқаса, арыз жазып, бізге жүгіне алады. Арызға фото немесе бейнетүсірілім қосуға болады, – деп түсіндірді ШҚО бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының орынбасары Ренат Нәбиев. – Құзыретті органдар шағым түскен ұйымға тексеріс жүргізеді. Егер факт расталса, тиісті шаралар қабылданады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне бағаны (бағаны жоғарылату бойынша өзара келісім жасау) белгілеу және ұстап тұру, тауарларды өндіруді, я болмаса өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабына сәйкес сараланып, айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігінің сайтында хабарланды.