Олимпиада чемпионы коронавирустан өмірден өткендерді еске алды

1136
көрілім

13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні бектілуіне орай көптеген жерлестеріміз өмірден өткендерді қайғыра еске алуда. Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да ойын ортаға салған еді.
– Бүгін Жалпұлттық аза тұту күні. Қалың ел қатерлі індет өмірін жалмаған барлық жақындары мен достарын, отандастарын еске алуда. Расымен де қауіпті вирус жер-жаһандағы адамдардың өмір сүру дағдысын күрт өзгертті. Бәлкім, күллі әлем бұрынғы келбетіне ене де қоймас…

Вирус жас пен жынысқа, қоғамдағы орны мен мамандығына қарап тұрмайды. Адамдарды таңдап та әкетпейді. Әсіре қатал. Зер салсақ, ұстаздарды, басшыларды, спортшыларды, сатушыларды, дәрігерлерді жарық дүниемен қош айтыстырды. Талай шаңыраққа қайғы әкелді. Өмірден өткендерді бір сәт еске алайық.

Бұл вирустың бар-жоғын өзінің жақындары мен отандастарының өмірден озғанына куә болуы арқылы біліп жатқандары өкінішті-ақ. Барлығын ой елегінен өткізіңіздер. Қарапайым сақтық шараларын сақтаудың бұл дертке араша бола алатынын байқап келеміз. Барлық бақилық болған қазақстандықтардың жанұяларына қайғыра көңіл айтып, бұл індеттің беті тезірек қайтса деген тілектемін, – деді спортшы.