Өңірде «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы жалғасатын болады

679
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының жұмысын жандандыру және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуге арналған кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Облыстың қалалары мен аудандары бөлінісінде пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі 2023 жылға арналған жоспар қаралды.
- Бүгінгі күні облыс бойынша 2023 жылы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспары әзірленді, оны жергілікті атқарушы органдар ерікті түрде қайтару және уақытша жер пайдалану құқығының мерзімдерінің аяқталуы есебінен іске асыратын болады. Аталған фактілерді ескере отырып, ҚР АШМ-де 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жерді қайтару үшін 120 мың гектарға дейінгі аумақты оңтайландыру бойынша ұсыныстар жолданды, - деді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары Дәулет Сарманов.


Өңірлік деңгейдегі «Жер аманаты» комиссиясы 2023 жылыда жерді қайтаруға байланысты жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Естеріңізге салсақ, 2022 жылы Ұлан, Қатонқарағай, Күршім, Алтай, Зайсан, Шемонаиха, Тарбағатай, Самар және Глубокое аудандарының әкімдерінің  есептері қаралды. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің қатысуымен ауылдық жерлерде 2 көшпелі отырыс өткізіліп онда бұқарамен бірге жерге қатысты мәселелер қаралды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны халық игілігіне беру жөнінде бастама көтерген болатын. Былтыр «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының осы бағыттағы жүйелі жұмысының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан 100,6 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтарылып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.