Өртеніп кетті

260
көрілім

Алматы-Өскемен тасжолы бойындағы автобустағы өрттің қауіптілігі жоғары агрегатты абайламай пайдаланудан шығуы мүмкін екендігі айтылды.

Естеріңізге салсақ, оқыс оқиға екінші сәуір күні түнгі уақытта орын алған болатын. Қала сыртындағы тасжолда бағыттағы автобустың түгі қалмай өртеніп кетті. Мұны әлеуметтік желіге салынған видеотүсірілімнен байқауға болады. ШҚО ТЖД автобустың Аягөзден Семейге қарай бағыт алғанын, жолай сынып, жолаушыларын басқа көлікке отырғызғанын, сонан соң өрттің шыққанын хабарлады.

Автобус „Алматы-Өскемен„ тасжолы бойындағы Жарма ауданына қарасты Қапанбұлақ ауылының маңында отқа оранған.

- Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде көлік құралы түгелдей жанып кеткен екен, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ерлен ОСМАНОВ