Өскемен әкімі: осыған дейін мүлде жөнделмеген жолдар қалыпқа келтірілді

268
көрілім

Жауапты тұлға Ахмер кенті мен Меновное ауылына қысқаша тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер орталық мемлекеттік органдармен тізе қосып, былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қала маңындағы бірнеше ауылда жол жөндеу жұмысы аяқталған.

– Осы жылы Ахмер кентінің екі шақырымға жуық, Меновное ауылының 2,6 шақырым жолы жөндеуден өтті. Айта кетерлік жайт, бұл жақтарда ешқашан жөнделмеген жолдар қалыпқа келтірілді, – деді Жақсылық Мұқашұлы.