Өскемен гарнизонындағы қайырымдылық шарасы

3582
көрілім

Өскемен гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы науқастарға көмектесу үшін қан тапсырып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Әскери қызметшілер Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер» марафоны шеңберінде қан тапсырды. Қан тапсыру - қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі іспеттес.
-     Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Ауырып жатқан адамдарға көмегімді бердім. Мен тапсырған қан бір адамның өмірін сақтап қалуға жараса, бұл мен үшін өте үлкен қуаныш, - дейді сержант Алмас Ағантаев.
Әскери қызметшілердің айтуынша, шетте қалып қалмай, осынау игі іске үлес қосып, донорлықтың қаншалықты маңызды екенін көрсету керек. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері еркін түрдегі тегін донорлық іс-шараларға ұдайы қатысып тұрады.
-    Өскемен гарнизоны механикаландырылған бригаданың жеке құрамы осындай қан тапсыру күндерін медициналық ротада жылына бірнеше рет тұрақты түрде ұйымдастырады. Мақсатымыз – ауырып жатқан науқастарға көмек көрсету, - деді медицина қызметінің капитаны Фарух Имамалиев.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі