Өскемен қаласы мен ШҚО аудандарындағы мектеп, колледждерде сабақ қандай температурада тоқтатылады?

418
көрілім

Қараша айының алғашқы суығы бастала саласымен ШҚО Білім басқармасы «температура режимі және қыста сабақ ұйымдастыру туралы» бұйрық шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Сабақтар келесі ауа температурасында тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден аз болғанда:

  • 1-4 сыныптарда минус 28°С және одан төмен;

  • 5–9 сыныптарда минус 32°С және одан төмен;

  • 10-11 сыныптарыда және колледждердің 1-2 курстарында минус 34 ° C және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден асқанда:

  • 1-4 сыныптарда минус 23 ° С және одан төмен;

  • 5–9 сыныптарда минус 27 ° С және одан төмен;

  • 10-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курстарында минус 29 ° С және одан төмен.

Сонымен қатар мектеп оқушылары мен колледж студенттері сыртта 17 ° C немесе одан төмен температурада сабақ оқымайды.
Сондай-ақ қолайсыз ауа-райында мұз, күшті жел болса Бофорт шкаласы бойынша орташа жылдамдығы 10,8-13,8 м / с жылдамдықпен, 39-49 км / сағ аралығында мектеп және колледж студенттеріне сабақ өткізуге тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, сабақтарды тоқтату туралы ақпарат Buqara.kz сайтында тез жарияланады.
Білім беру органдарынан ақпарат алу уақытына байланысты хабарлама бірінші ауысымда -
6: 10-дан 8: 00-ге дейін, екінші ауысымда - 11: 15-тен 13: 00-ге дейін жүзеге асырылады.