Өскемен қаласында 35 жастағы әйел адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

292
көрілім

Облыс орталығының тұрғыны бұдан үш жыл бұрын жоғалған. Алайда іздеу жұмыстары әлі тоқтаған емес, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілер ұйымының хабарлауынша, Юлия Ермоленко есімді 1984 жылы дүниеге келген азаматша 2016 жылы із-түссіз кеткен. Мәліметтерге сүйенсек, жоғалған әйел сол күні Белоусовка ауылына құрбысына жолға шыққан.
Ақпарат бойынша Юлия Валерьевнаның бойы 165 сантиметр, қоңыр көзді, тығыршық денелі.
Қандай да бір дерек болса  8- 777-056-65-37, 8-771-466-54-38 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарласуды сұрайды.