Өскемен қаласында адасып кеткен балалар табылды

292
көрілім

Өскемен қаласы Полиция басқармасының патрульді полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу кезінде кешкі мезгілде үйден шығып, адасып кеткен 3 жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлеріне 8 жастағы екі қыз бала мен 9 жасар ұл бала Н.Назарбаев даңғылында орналасқан үй ауласында ойнап жүріп, басқа көшеге шығып, адасып кеткен.

Тез арада «102» арнасына қоңырау шалып, оларды тапқандарын айтқан.

– Сол уақыт аралығында балаларын жоғалтқан ата-аналар да полицияға қоңырау шалып, 3 жасөспірімнің із-түссіз жоғалып кеткендігін жеткізген. Полиция қызметкерлері ата-аналарына бүлдіршіндердің амандығын айтып, олардың станционарлы бекетте қауіпсіз жерде отырғандарын айтады. 3 баланы отбасыларына табыстағандар взвод командирі Ринат Хамитов, полиция лейтенанттары Ренат Сейлханов пен Әли Қасымханов, – дейді Өскемен қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.