Өскемен қаласында ер адам бес адамды алдап 2 млн.теңгеге ие болған

319
көрілім

Облыс орталығының тәртіп сақшылары 31 жастағы қала тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ер адам бір күнде 5 адамды алдады. Көлік жөндеу орталығында болған кезде өзін шебер ретінде таныстырып, көліктің ақауларын жөндеп беретіндігін айтқан. Өзі сол жерде жұмыс істемесе де, сенімдеріне кірген «көлік жөндеушісі» тұрғындардың 750 мың теңгесін иемденген. Онымен қоса, бағасы 1 млн.400 мың теңге болатын «Volksvagen Passat» маркалы көлікті өзіне алып қалмақ болды.

Алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру барысында анықталғанда й айыпталушы бұған дейін 11 рет сотталған.