Өскемен қаласындағы Жамбыл саябағында жаңа ескерткіш бой көтермек

423
көрілім
Фотосурет авторы - Виктор Абакумов

Қаладағы демалыс орнын жаңарту жұмыстары күзге дейін жалғасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының баспасөз хатшысы Алла Доценко саябақты қайта абаттандыру жұмыстары биылғы жылдың 30-қазанында аяқталатынын хабарлады.

Соған қоса аталған саябақта жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа жаңа ескерткіш орнатылмақ.

Мүсіннің авторлары алматылық мүсіншілер.

— Ескерткіш пен постамент орнату жұмыстары 1-қазанға дейін, — деді өз сөзінде Алла Николаевна.