Өскемен қаласының әкімдігі көшелерді қардан тазарту жұмыстары туралы есеп берді

338
көрілім

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, техника таңертеңгі сағат төрттен бастап жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Коммуналдық қызмет көшелерді қардан тазарту жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Қазіргі уақытта 50 арнайы техника жұмыс істеуде, - делінген әкімдіктің Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.

Десе де өскемендіктер қар тек қаланың орталық көшелерінен ғана шығарылатынын және басқа көшелердегі тротуарларды қар басып, үйінділер жаяу жүргіншілерге қиындық келтіруде екендігін жарыса жазуда.