Өскемен қаласының әкімі 7 адамды өрттен құтқарған жігітті марапаттады

395
көрілім

Қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желі парақшасында өскемендік азаматқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Айбек Әбдірахманов есімді жігіт бүкіл бір отбасын өрттен аман алып қалған. Ержүрек азаматтың көмегінсіз 20 шаршы метр аумақты шарпыған оттан 7 адамның тірі қалуы екіталай еді.

– Нағыз батырлардың қасымызда жүргеніне менің тағы да көзім жетті. Бүгін қаһарман жігітпен кездестім. 8 қыркүйек күні 27 жастағы Айбек ойланбастан өртенген үйден жеті адамды құтқарды. Оның ішінде үш баланың өмірін сақтап қалды. Барлық қала тұрғындарының атынан алғыс айтамын, – деді Жақсылық Омар өз парақшасында.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ