Өскемен тұрғындары су қоймасына қара түсті сұйықтықтың төгілуіне алаңдаулы

1414
көрілім
Шартты сурет

Экология департаментінің мамандары су қоймасының ластану себебін түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбалардың бірінде қала тұрғыны су қоймасына төгілген қара сұйықтықты байқаған.
ШҚО Экология департаменті қызметкерлері тұрғындарды сабырлыққа шақырып, жағдайды былай деп түсіндірді:

– «Өскемен ЖЭО» ЖШС №3 аумағында қаладан шығаберісте Опытное поле кентіне қарай күл үйіндісін гидротазалау  технологиялық процесі жүріп жатыр. Ол аумақ күл үйіндісі қалдықтарын жинақтаушы ретінде қолданылады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС мекемесі  штаттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта апаттық жағдай тіркелген жоқ, - деп түсіндірді  Экология департаменті қызметкерлері.