Өскеменде ащы су ішкен екі адам жанжал кезінде бірін-бірі пышақтаған

1085
көрілім

Наурыз айының басында Өскемен қалалық полиция басқармасы Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына әкесіне көмек керек екенін айтып қызы қоңырау шалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Тексеру кезінде ер адам өзінің 61 жастағы досымен бірге ішімдік ішкені анықталды. Көп ұзамай араларында жанжал оты тұтанып, екеуі бір-біріне пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттар салдарынан ер адамның танысы оқиға орнында көз жұмды.
– Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік қызмет қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығының 58 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті қамауға алынды, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер. –  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Оның санкциясымен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.