Өскеменде «Ауыл хикаялары» байқауына материалдар қабылдау жалғасуда

377
көрілім
Шартты фотосурет

Шарт бойынша байқауда 25-40 жас арасындағы қатысушылар бақ сынай алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Оралхан Бөкейдің туған күніне орай «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» атты көркем шығарма жазудан республикалық әдеби байқау жариалаған болатын.
Байқау жариаланған күннен бастап, бүгінге дейін 10-ға жуық қатысушы өтініш білдіріп, шығармаларын жіберді. Материалдарды қабылдау әлі де жалғасуда.
Аталған байқауды Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұйымдастырып отыр.
Байқау жұмыстарын 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылдайды. Кәсіби  мамандардан құрылған «Қазылар алқасы» көркем  шығармаларды  жан-жақты бағалайды.
Қазылар алқасының дауыс беруі бойынша жеті (7) жеңімпаз келесі орындар бойынша марапатталады: БАС ЖҮЛДЕ; 1-2-3 орын; Үш (3) – ынталандыру сыйлықтары.
Жеңімпаздарға қаржылай марапатпен бірге, Оралхан Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік-сыйлық табыс етіледі.

БАЙҚАУҒА  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Шығарма жанры – проза (эссе, әңгіме, монолог);
2. Байқау тақырыбы – «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» (Оралхан Бөкей шығармасының атауымен аталды);
3. Мемлекеттік тілде жазылуы;
4. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында болуы;
5. 10-15 беттен аспауы;
6. Бұрын ешқайда жарияланбаған болуы;
7. Сауатты,  көркем тілде жазылуы және тәрбиелік маңызы болуы керек;
8. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы  шығармалар  байқауға қабылданбайды.
9. Байқауға қатысушылар шығармаларын  2022-жылдың 20-қыркүйегіне  дейін  ukcbs@mail.ru  электрондық  пошта  мекенжайына  жіберулері, немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсырулары керек.

Жеңімпаздарды марапаттау - 2022  жылдың 28 қыркүйегінде өтеді. (Оралхан Бөкейдің туған күні). Марапаттау  салтанаты  өтетін  мекенжай: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.  Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
 
Байқауды  ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың телефондары:
87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова
8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64.