Өскеменде балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

580
көрілім

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Елдегі Төтенше жағдайға байланысты айтулы мереке тек музей қызметкерлері балаларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Түрлі ойындар ойнап, туған өлкесінің көркем жерлерін ақ параққа өрнектеді.

– Халықаралық балаларды қорғау күніне орай музей қызметкерлері музейге өз балаларымызды әкеліп, мерекелерімен құттықтадық. Мұнда балалармен қосылып біз де ән айтып, өнер көрсеттік. Сонымен қатар балаларға сурет салғызып, музейдегі көрмелерге экскурсия жасадық. Карантин уақытында үйде отырып зеріккен балалардың қуанышында шек жоқ. Мақсатымыз – балалар өз бойындағы өнерін көрсету арқылы олардың жасырынып жатқан талантын ашу, – дейді Экспозициялық көрме секторының маманы Есенбол Нақтыбай.

Музей қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік шараға балалар дән риза.

– Барлық достарымды мерекелерімен құттықтаймын. Мен сурет салғанды жақсы көремін. Өскенде суретші болғым келеді. Музейдегі аға-әпкелермен ойын ойнадық. Ән айттық, сурет салдық. Маған қатты ұнады, – дейді Аяна Дарханқызы.