Өскеменде бендиден ел чемпионаты өтеді

300
көрілім
Фотосурет BAQ.KZ сайтынан.

30 қазанда Өскеменде бендиден 2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан бенди қауымдастығының аясында өтетін бұл жарысқа төрт команда қатыспақ. Дода қожайындарынан бөлек бас жүлдеге Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Алматы қаласының жас бендишілері таласпақ.

2 қарашаға дейін жалғасатын жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бапкерлер алқасы 2020 жылдың 27-29 наурызында Ресейдің Архангельск қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына жаңа құрам жасақтамақ.