Өскеменде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

127
көрілім
Фото сурет ШҚО ТЖД

Оқиға 10 наурыз күні Қаныш Сәтбаев даңғылында Ертіс көпірі ауданында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО полиция департаменті мәліметінше, Mercedes Benz көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші жылдамдықты асыруы себепті, көлік тізгініне ие бола алмай, көшедегі жарықтандыру бағанасына соғылған. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер оқиға орнына дереу құтқарушылар жол тартқанын жеткізді. Жүргізуші көлікте қысылып қалған. Зардап шегушілер аман-есен шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.