Өскеменде елордадан келген автобус жолаушылары тексерілуде

413
көрілім

Өскеменде Нұр-Сұлтан қаласынан келген автобус жолаушыларына медициналық тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаладағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдерінің хабарлауынша, 19 наурыз күні шаһарға елордадан 3 автобус рейсі келген. Дәрігерлер жолаушылардың барлығымен жұмыс істеуде.

– Әр адамның дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізіліп, тиісті мәліметтер жиналуда. Кешке қарай Алматыдан автобустар келеді деп күтілуде. Біз қала тұрғындарынан осындай сақтық шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз,а– делінген мәліметте.