Өскеменде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің жұмысы қорытындылады

1342
көрілім

Бүгін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Сәтеков «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты.

Тікелей эфир барысында Болат Кәлімұлы Департаменттің жыл көлемінде атқарған қызметі туралы баяндады.

- Департамент халыққа мемлекеттік қызметтің 14 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда ШҚО-да зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 615607 адамды құрайды, 58 645 мемлекеттік қызмет көрсетілген, - деді ол.

Сондай-ақ Болат Кәлімұлы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2021жылғы 01 қаңтардан бастап келесі мөлшерлер белгіленеді:

  1. жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;

  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

  3. ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;

  4. айлық есептік көрсеткіш– 2 917 теңге;

  5. базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге.

- Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшердің 7%-ына арттырылады. Қайтадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 134 182 теңгені құрайды (46 АЕК), - деді жауапты тұлға.

2020 жылы ШҚО-да мүгедектер саны 54646 адамды құрайды, оның ішінде ересектер - 49227 (оның ішінде: 1 топ - 5284, 2 топ - 22713, 3 топ - 21230) және балалар - 5419 (оның ішінде: бала - мүгедек-4835, 1 топтағы мүгедек бала - 86, 2 топтағы мүгедек-174, 3 топтағы мүгедек бала-324).

Биыл мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы саласында 52 тексеру жүргізілді. Оның ішінде профилактикалық бақылау - 45, жоспардан тыс – 7 тексеру.

387 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде мүгедектердің әлеуметтік-көлік инфрақұрылымына, мәдени-сауық ұйымдары мен спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу-258, ҚР арнайы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу - 129.

44 нұсқама берілді, оның ішінде: мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында - 28, 16-сы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. 236 130 теңге мөлшерінде 2 әкімшілік айыппұл салынды.

 Жалпы, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бойынша 8-7232-75-15-33 телефон арқылы хабарласуға болады.