Өскеменде Ертіс арқылы жаңадан алты көпір салынбақ

471
көрілім

Көпірлердің құрылысы қаланың Сол Жақ жағалауының дамуы мен көліктердің ағынына байланысты кезең-кезеңмен  басталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаланың Бас жоспарына сәйкес Ертіс арқылы алты көпір құрылысына ұсыныс жасалды. Олар: Прапорщиково ауылының тұсы, Виноградов және Әуезов көшелері тұсында, Пристань және Аблакетка аумағында салынады.

– Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес Меновное ауылының айналма жолына шығатын Виноградов көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Құрылыс нысанын салу бойынша  қажетті есептеулер жүргізілді, – дейді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, көпір құрылысы бюджеттен тиісті қаржы бөлінген соң қолға алынбақ.