Өскеменде кассаны тонамақ болған ер адамға қатысты іс қозғалды

369
көрілім

Полиция қызметкерлерімен облыс орталығында 22 тамызы күні кешкі 21.00 шамасында қалада орналасқан лотореялық кеңседе белгісіз ер адамның күш көрсету арқылы кеңсенің кассасынан 73 000 теңге ақшалай қаражатты тонамақ болғаны анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға орнына дереу жеткен «Қыран-43» патрульдік экипажының қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылауына жазылған бейнетаспаның көмегімен еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 26 жасар күдіктіні қолға түсіреді.

Жәбірленуші кассирдің айтуынша, қолға түскен күдікті кеңсеге бар ақшасынан ұтылғаннан кейін кассирге келіп, рецепшиден секіріп өткен. Сол мезетте кассир кассаны жауып, дабыл түймешесін басып үлгерген. Арам ойын іске асыра алмаған тонаушы касса қызметкерін бірнеше рет ұрып та жіберген.

Қазіргі таңда 1993 жылы туылған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабының 2 бөлімі және 24 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.