Өскеменде Қыдыр ата үйінің ашылуы өтеді

250
көрілім
Фотосурет adyrna.kz сайтынан

Аталған шара наурыз айының 21-і күні, сағат 11.00-де Солжағалау мұражай-қорық кешенінде (Этносаябақ) ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Наурыз мейрамына орай негізгі алаңда бірнеше сектор жұмыс істемек. Атап айтқанда, ұлттық тағамдар және қолөнер аймақтары, спорт алаңы, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңы. Орталық сахнада арнайы шақырылған Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нурлан Абдуллин, Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының қатысуымен мерекелік бағдарлама  өтеді.    
- Басты оқиғалардың бірі Қыдыр ата резиденциясының ашылу салтанаты. Іс-шара ұрпақтар мен дәстүрлер сабақтастығының үлгісі ретінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталғандықтан іс-шараға келушілерден ұлттық нақыштағы киім үлгісінде келуі сұралады. Бұл мереке өңірдің қонақжайлылығын сезінуге, ұлттық салт- дәтүріміздің тарихын насихаттауға,  естен кетпестей тамаша уақыт өткізуге мүмкіндік болмақ. Кіру тегін, - делінген мәліметте.