Өскеменде «Мас жүргізуші қылмыскер» акциясы өтті

5426
көрілім

Әскери ұжымдарда әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Армияда қылмысқа орын жоқ» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын және «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында 2021 жылдың қазан айында Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері, әділет аға лейтенанты Г.Т.Нұрғаламбаев құқық қорғау органдарын тарта отырып, әскери бөлімнің қолбасшылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып,  дөңгелек үстелдер мен конференциялар түрінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік», «Мас жүргізуші қылмыскер» акцияларды ұйымдастырды. Мұнда спирттік ішімдіктерді тұтынудың зиянды салдарымен, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқару жолымен, ЖКО орындарымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген әскери қызметшілер, әкімшілік соттардың әскери қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулылары жеткізілді.