Өскеменде мас жүргізушінің кесірінен үш көлік соқтығысты

373
көрілім

Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Кінәліге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 19.20-да Островский көшесінде болған. "Lexus" маркалы көлік жүргізушісі қалаға қарай бағытта жүріп келе жатып рөлге ие бола алмай, "Toyota" көлігін қаққан. Қатты соққыдан "Toyota" үшінші көлікке соғылады.

– "Lexus" көлігін тізгіндеген 29 жастағы жігіт бұрын сотталған болып шықты. Көлік жүргізу құқығы болмағанымен қоса, ол мас күйінде болған. Апат салдарынан "Toyota" көлігінің жүргізушісіне дәрігерлік көмек көрсетілді, – деп хабарлады қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Кінәлі жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.