Өскеменде мектеп оқушылар білім аукционында бақ сынасты

1289
көрілім

Бүгін О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Ата тек – ұлттық негізіміз» айлығына орай мектеп оқушылары арасында «Жеті атаңды білу – парыз!» атты байқау өтті.
Қалалық Мәдениет бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған байқауға қаламыздағы мектеп оқушылары қатысты. Білім аукционына 28 бала келді.
- Дода барысында оқушылар жеті атасын жатқа айтып, өзара бақ сынады. Десе де, қатысушыларымыздың кейбірі жеті атасын жатқа айта алммағандығын жасырмаймыз. Осыған орай кітапханамыз балаларға қосымша білім беру негізінде алдағы уақытта шежірешілермен түрлі форматта семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, байқау жалғасын табатын болады, - дейді кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.
Ұлт тазалығын қан тазалығынан бастаған бабаларымыздың жеті атаға дейін қыз алысып, беріспегені тектілік.
- Біз жастарға жеті ата мен шежіре туралы жиі түсіндіруіміз керек. Себебі қан тазалығы сау ұрпақ өсірудің кепілі. Бұл мәселе жалпы ұлттық деңгейде көтерілгенде ғана оң нәтиже береді деп ойлаймын. Ең бірінші ата-ана қадағалау керек, - дейді Жанат Мәуітқызы.