Өскеменде мемориалдық кешенге гүл қою рәсімі өтті

309
көрілім

1989 жыл 15 ақпан күні Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған көпшілікке мәлім. Осыған орай облыс орталығында интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Ауғанстандағы соғыс қимылдарына 21 979 қазақстандық қатысты, оның 780-і қаза болды, 379-ы мүгедек болып оралды, 22-сі хабар-ошарсыз кетті, – дейді Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі штаттан тыс офицері Ғани Нұрғаламбаев. – Осындай шаралар жастардың еліне деген сүйіспеншілігін оятуға негіз болмақ.

Айтулы күні қалалық өнер ұжымдары оқушылардың шығармашылық сарайында салтанатты концерт өткізді.

Тағылымды кешке ауған соғысының ардагерлері мен олардың отбасы мүшелері және қала тұрғындары қатысты.