Өскеменде өрт салдарынан мүгедек адам мерт болды

304
көрілім

Өрт болған жеке үйде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

4 желтоқсан күні сағат 10.00 шамасында полиция бөлімшесіне қыз бала хабарласып, ағасының үйіне келгенде оны өлі күйінде тауып алғанын хабарлады. Тұрғын үйден өрттің белгілері байқалады.1960 жылғы ер адамның денесін жартылай күйік шалған.

- Көрсетілген мекен жайға өрт сөндірушілер шақырылмаған, - деп хабарлады Өскемен ТЖД. - Біздің қызметкерлердің анықтауынша, 4 желтоқсан күні түнде кресло, төсек-орын және жеке заттар өртенген. Өрт салдарынан III топтағы мүгедек қайтыс болған.