Өскеменде полиция қызметкерлері жастар арасында кең тараған есірткі түрін тәркіледі

308
көрілім

Облыс орталығында тәртіп сақшылары жастар арасында «Жылдамдық» деген атпен тараған синтетикалық есірткі түрін тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ертіс полиция бөлімінің учаскелік инспекторы 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 47 ақ ұнтақ түріндегі зат тәркіленген.

Сараптама нәтижесінде салмағы 21,93 граммды құрайтын «Альфа PVP» психотроптық зат анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.