Өскеменде полицияға ХҚКО-да бомба қойылғандығы жайлы ақпарат келіп түскен

373
көрілім


Тәртіп сақшылары келіп түскен дабыл бойынша Қазақстан көшесіне жеделдетіп барған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Бүгін түстен кейін полиция қызметкерлері Мызы және Қазақстан көшелері қиылысы аумағын қоршауға алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен дәрігерлер де жеткен. Полиция департаментінде тұрғындарды дүрліктірген жайт бомба орнатылды деген хабарламадан кейін басталды дейді.


— Белгісіз біреу полицияға ХҚК орталығында жарылғыш құрылғы бар деп хабарлаған. Қуанышқа орай арнайы мамандар қауіпті ештеңе таба алмаған. Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жалған ақпарат берген тұлғаны анықтау үстінде,— дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.