Өскеменде сауда павильонының сөресінен сөмке ұрланды

2281
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Өскемен қалалық полиция басқармасының Ертіс полиция бөліміне жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 42 жастағы ер адамның сөмкесі ұрланғандығы туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жағдай ет павильондарының бірінде болды. Сөмке тауық өнімдерін сату бөлімінің сөресінен ұрланған. Онда жалпы құны 180 000 теңге тұратын екі ұялы телефон, сондай-ақ банк картасы бар әмиян, жеке куәлік жатқан.

- Келтірілген жалпы шығын 180 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотты болған Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу кезінде ол істеген ісін мойындап, ұрланған мүлік тәркіленді, – дейді ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.