Өскеменде саяжайлардың ауласын су басты

78
көрілім
ашық дереккөзден

13 наурызда қардың қарқынды еруі және Аблакетка өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 20 саяжайдың ауласын су басты, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі
Бұл уақытта саяжайларда ешкім тұрмайды, үйлер тек жазда ғана пайдаланылады.

Жергілікті атқарушы орган күштері көпір астындағы өзен арқылы ағын суды өткізу үшін қатып қалған мұз ойықтарын жарып, су ағысын реттеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су деңгейі 15-20 см-ге төмендеді.

Қазір Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдар және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жағдайды бақылауда.