Өскеменде Семей қаласы тұрғынының телефоны ұрланған

701
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық Полиция басқармасы Солжағалау полиция бөлімшесіне 36 жастағы Семей қаласының тұрғыны қаңтар айының соңында ұялы телефонының жоғалғаны туралы арызымен жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол күні оның «Mitsubishi Fuso Canter» жүк көлігінің салонында бейтаныс жолаушылар есігінің қалташасынан ұялы телефонын ұрлап кеткендігі анықталды. Материалдық шығын 60 000 теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қылмыстық полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған 23 жасар қызды анықтап, қолға түсірді, - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіуде.