Өскеменде сенбі күні Күршім ауданының кәсіпкерлері жәрмеңке өткізеді

614
көрілім

Қазан айының 28-і күні облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында өтетін жәрмеңкеге Күршім ауданының кәсіпкерлері келсе, Металлургтер мәдениет сарайының (ДКМ) алдындағы алаңда Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады.

Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қазан айының 28-і күні сағат 9:00-де басталады.