Өскеменде су тасқынына қарсы арнайы-тактикалық жаттығулар өтеді

306
көрілім

«Көктем-2020» арнайы тактикалық жаттығулар 25 ақпан күні Жаңа Согра шағын ауданында өтеді, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

- Негізгі жаттығулар «Титан» бау-бақша серіктестігінде өтеді. Бұл жердегі үйлерге су басу қаупі жиі төнетіндігінен әдейі таңдап алдық, - деп хабарлады Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Жоспар бойынша аталған аймақта ауа температурасы күрт көтеріледі. Соның салдарынан қар еріп, Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылының іргесіндегі «Безымянный ключ» бұлағында судың ағысы күшейіп, тоған арнасынан асып кетеді. Қауіптің алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, бұлақ арнасын тереңдетіп, су тасқыны болған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталады.