Өскеменде тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтуде

336
көрілім

Бүгін 22-наурыз күні қаладағы Жекпе-жек спорт сарайында тоғызқұмалақтан ел чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бәсекеде жасөспірімдер мен жастар жекелей сында өнер көрсетіп жатыр. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары: ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Кусумбаев, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Даулет Абдикаримов, “Уақып” қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының облыс бойынша өкілі Берік Кәдіров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ шараның ашылуында ШҚО спорт ардагері Бақытпек Оразаманов ҚР Туризм және спорт министрлігінің атынан «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
- Чемпионаттың сәтті ашылуымен ҚР тоғызқұмалақ спорты Федерациясы атынан құттықтаймыз! - делінген мәліметте.