Өскеменде трамвай қозғалысы тоқтатылды

241
көрілім
Фотосурет dzen.ru сайтынан

Бүгін таңертең облыс орталығындағы трамвай жолдарын қар басып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Трамвайлар әзірге жүрмейді", - дейді "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС диспетчерлігінде. – Трамвай жолдары тазартылғаннан кейін қозғалыс қайта қалпына келтіріледі.

Бұған дейін әкімдік 14-15 ақпанда 20 сағаттан астам уақыт бойы қалың қар жауады деп мәлімдеген болатын.

Қымбат МУХАМАДИЕВА