Өскеменде тұрақтандыру қорының дүңгіршектері жаңартылатын болады

391
көрілім

Ағымдағы жылы тұрақтандыру қорының азық-түлік өнімдерін сататын дүңгіршектер жаңартылатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Тұрақтандыру қорының азық-түлік өнімдерін сату үшін 17 жер учаскесі бөлінді, - дейді «Ертіс» ӘКК АҚ басқармасының басшысы Эльдар Тұмашинов. - Жаңа дүңгіршектер орнату үшін келісім шарт жасалып, қол қойылған.

Дүңгіршектің ішкі жабдықтарымен қосқанда жалпы құны 4 миллион 400 мың теңгені құрайды.

- Бүгінде қала көшелерінің келбетін бұзатын ескі дүңгіршектер өте көп, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Ондай дүңгіршектерді алып тастаймыз. Шағын бизнесті қолдау мақсатында жаңа дүңгіршектерді 7 жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жалға беруді көздеп отырмыз.