Өскеменде жер үсті көпірде лифттерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

112
көрілім
Фото:rostov.tsargrad.tv сайтынан


Лифттерді қалпына келтіру жұмыстары шамамен бір ай бұрын басталған, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.
Б.Александров атындағы спорт сарайының жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің лифттері көптен бері жұмыс істемейді. Бұл қала тұрғындарына, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайсыздық туғызады.
 - Қозғалысы шектеулі адамдарға арналған лифттер қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда жабдықтандыру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлады Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.