Өскеменде жеті жаңа модульдік дәретхана орнатылады

254
көрілім
Шартты сурет

Аялдама аумағында қоғамдық дәретханалар салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 2022 жылы қаладағы кейбір маршруттық автобустардың соңғы аялдамаларына 7 модульдік дәретхана орнату жоспарлануда.

Белгіленген нысандар Әуежай, Темір Жол Вокзалы, Кемежай, Ивушка, Өскемен Су Станциясы және Карбышева аумақтарында салынбақ.