Өскеменде жоғалған қызға іздеу салуда

260
көрілім

LIDER.KZ еріктілерінің хабарлауынша, 26 жастағы қала тұрғыны 19 тамыз күні таңертең Мирный кентіндегі үйінен шығып, сол күйі оралмаған деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол күні жоғалған қыздың анасы полиция бөлімшесіне шағымданған. ШҚО ДП-ның мәліметінше, 1996 жылы туған Раиса Долгарева таңертең үйден ұзын ақ белдемше, ақ халат киіп шыққан.