Өскеменде жолдардағы шұңқырлар жөнделе бастады

148
көрілім
фото сурет КМК Таза Өскемен

«Таза Өскемен» мамандары жолдардың жекелеген учаскелерінде шұңқырларды толтыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 Алайда құзырлы мекеме қызметкерлері мұның уақытша шара екенін баса айтты.
    - Шұңқырларды толтыру жол жөндеудің технологиялық түрі болып саналмайды, оны өндіруге қосымша бюджет бөлінбеген. Өткен маусымда жол жөндеу кезінде пайдаланылған ұнтақталған асфальт қоспасы мен пайдаланылған брусчатка сынықтары қолданылды, - деп хабарлады КМК.
Жол ойықтарын жамап, қозғалысты қауіпсіз ету және жол төсемінің одан әрі бұзылуын болдырмау үшін осы әдіс дұрыс деп таңдалған.