Өскемендегі көп оқу орындарының сыныптары көлік басқаруды үйрететін мекемелерге айналған

303
көрілім

Жеке тұлғаларға берілген мектеп сыныптарын білім ордаларының қарамағына қайтару жоспарлануда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
24 маусым күні өткен қалалық әкімдіктің отырысында Жақсылық Омар мемлекеттік меншіктегі көп ғимараттардың жалға берілетініне наразы болды.
– Мектептердің көбінде оқу сыныптары көлік жүргізуді үйренуге арналған сынып болып, жалға берілуде. Балаларға орын жетпейді дейді де жеке тұлғаларға жалға береді! Бұл класстарды оқушыларға қайтару қажет, – деді қала әкімі.
Осы бойынша Жақсылық Омар қалалық қаржы бөліміне тиісті хаттамалық тапсырма берді.