Өскемендегі орталық алаңдағы субұрқақ қайта іске қосылды

325
көрілім

Қала тұрғындары мен қонақтары асыға күткен орталық алаңдағы субұрқақты жөндеу жұмыстарының тым ұзаққа созылып кетуі қажетті бөлшектердің уақытында жеткізілмеуінен болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, әнші субұрқақты іске қосуға бөлшектердің жоқтығы қолбайлау болды. Қажетті бөлшектері орнатылған соң субұрқақ қайта іске қосылды.
Айта кету керек, субұрқақ алғашқы суық түскеннен кейін ғана өшіріледі. Оның нақты мерзімі белгісіз және ауа райы жағдайына байланысты болмақ.