Өскемендегі серіктестіктердің бірінде сотталғандар жұмыс істегендері үшін 70000 мың теңге айлық алады

429
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл жайында «Беловодье» ЖШС аға мастері Санияз Болатқанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылығы осы уақытқа дейін 740 сотталғанды жұмысқа алған. Қазір істі болған 64 адам жұмыс істеп жатыр.

– Жұмыс қарқыны жоғары. Темір-бетон бұйымдары, оның ішінде бордюр, кедергі (барьер) сияқты түрлері бар. Күніне 40 тонна цемент шығарылады. Жазда айлық ақылары 70000 теңгеге дейін көтерілсе, қыста жұмыс көлемінің азаюына қарай 30-40 мың теңгеге дейін төмендейді. Жыл көлемінде жұмыс істеп шыққан сотталғандарды еңбек демалысына жібереміз. Сосын қайта шақыртып, тиісті ақшасы төленеді. 13740 шаршы аумақ жер алғанбыз. Алдағы жылдары жұмысқа тағы адам алу жоспарда бар, – деді Санияз Серікбекұлы.

Шығарып жатқан өнімдеріне сұраныс мол екендігін де жасырмады.