Өскемендегі тіркеу бөлімдерінде медициналық карталарды жоғалту мәселесі шешіліп, қабылдауға жазылу процедурасы жеңілдетіледі

337
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан«Ақылды қала» концепциясының аясында қалалық емханалардағы ақпараттық жүйені автоматтандыру жоспарланып отыр. Бұл шара дәрігерлерді қағазбастылықтан босатып, науқастарға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Медициналық ақпараттық жүйе электронды тіркеу бөлімін, электронды денсаулық паспортын, лабараториялық мәліметтері бар интеграцияны және дәрігердің жеке кабинетін қамтиды.

Сондай-ақ, жүйеде бірыңғай call-орталық арқылы дәрігерге жазылудың балама әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін смарт-технологияларды, өзіне қызмет көрсету терминалдарын және пациенттің жеке кабинеті арқылы онлайн-тіркелуді енгізу болжануда. Ал дәрігерге қабылдау кезегі электронды болады. Бұл науқастардың уақытын үнемдейді.

Жобаның айрықша басымдылығы учаскелік терапевттен салалық мамандарға бару маршрутын оңтайландыру, сонымен қатар қаламыздағы тапшы медициналық персоналдарға түсетін жүктемені азайту болып табылады. Мұның барлығы аурулардың дер кезінде алдын алу мен медициналық қызмет сапасын арттыруға алып келеді.

Келер жылдың қаңтар айынан бастап шілдеге дейін мұндай жүйені Астана қаласының барлық емханаларына енгізу жоспарлануда. Ал Өскеменде бұл жүйе ЖМК-дағы Болатовтың емханасында қолданылады. Медицина саласындағы жаңашыл өзгеріс жалпы тәртіпте шамамен 2018 жылдың екінші жартысында пайда болады.