Өскемендік хирургтар ер адамның қуығынан теннис добының көлеміндей тасты алып тастады

605
көрілім

Облыс орталығында тұратын 60 жастағы ер адам урология бөліміне жедел түсті. Диагностика пациентте диаметрі 5,5 сантиметр болатын ісік барын анықтап, дәрігерлер дереу операция жасау туралы шешім қабылдады.

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың урологиялық бөлімшесінің дәрігері, уролог-андролог Руслан Исаханов отаның күрделілігі ісіктің мөлшерінде ғана емес, формасында да болғанын айтты: әдетте қуықта жиналған тастар тегіс болса, бұл кісінің тастары "тікенектермен" жабылған. Дегенмен, операция сәтті өтті.

- Орталық дәрігерлері пациентті қатты ауырсынудан арылтып, оның өмір сүру сапасын едәуір жақсартты, -дейді дәрігер. Пациентке дұрыс диета тағайындау үшін алынған тас химиялық талдаудан өтеді.

Ер адамға барлық көмек  МӘМС аясында тегін көрсетілгенін айта кеткен жөн. Науқас екі күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер  бөлімшеде жылына орта есеппен осындай 50-70 ота жасалатынын айтады. Көп жағдайда көлемі 1,5 см-ден  аспайтын ұсақ тастар кездеседі де, олар әдетте лазермен ұсақталады. Үлкен тастар, мысалы, осы жолғы жағдайда, тек ашық операциямен алынады.
"Цистолитиаз-бұл қуықта тастардың пайда болуы. Бастапқы цистолитиаз кезінде тастар тікелей қуықта жиналады. Екіншілік цистолитиаз кезінде тастар бүйректен немесе несепағардан сол жерге көшеді. Қуықтағы тастар кез-келген жыныстағы және әр түрлі жастағы науқастарда кездеседі. Бірақ көбінесе бұл аурумен ер адамдар ауырады. Бұл ретте тәуекел тобында екі топ бар: мектеп жасына дейінгі ұлдар мен 50 жастан асқан ер адамдар, — деп түсіндірді дәрігерлер.